Sakens’s Weblog

Қазан 29, 2008

Комсомол

Filed under: Uncategorized — sakens @ 8:24

жетінші  класс  оқушысымын.  Түстен  кейін,  аудандық  комсомол  комитетіне  кірдім.  екінші  қабатта,  есікті  қақтым.

-да.

-что  тебе.

-в  камсамол  фступить,  бла бла бла.

– подожди.

екі  орыс  келіншек  онбес  минуттай  сөйлесіп  отырды.   «сапоги  с такими  каблуками,  кофточка,  бла бла,  лак  помада  бла бла,  мама  купила,  бла бла ,  я  мужу  сказала  бла бла.  бла  бла  бла.

мен  күтіп  тұрмын.  толғанып.

-покажи  свои  бумаги.

дайындаған  қағаздарымды  әкелдім,  мектептен  характеристика,  туу  туралы  куәлік,  фотолар.  тағы  бірдемелер.

қағаздарымды  қарап  бірдемелер  сұрады,  есімде  қалған  сұрақ

– кто  может  быть  комсомольцем?

мен  бірнеше  айдан  бері жаттап  жүрген,

–  комсомольцем  может  быть  каждый  гражданин  достигший  четырнадцати  лет  бла  бла  бла.

басын  изеп  қойды  да,

–  хорошо  Сакен,  щас  подожди.

сейфтен  жаңа  кітапша  алып  толтырды  да  , -поставь  подпись-  деді.  мен  барып  қолымды  қойдым.  сосын  менім  қолымды  алып.

-Сакен,  ты  вступил  в  ряды  ВЛКСМ, это  первый  документ  в  твоей  жизни,  береги  его.                        тағы бірдемелер  айтты,  бла бла  деп.  сосын  менім  қолыма  қызыл  кітапшаны  ұстатты.

күз  айы  екені  есімде.  үйге  әкеліп  көрсеттім,  ешкім  мән  берген  жоқ.

Advertisements

Презерватив

Filed under: Uncategorized — sakens @ 7:33

Күндіз  дүкенге  кірдім.  Күндіз  дүкеннің  ішінде  сатушылар  мен  тауарларын  сөреге  жайғастырып  жатқан  дистрибьютерлердің  мерчандайзерлері  ғана.   кәрзеңкіге  керегімді  салып,  кассыға  қарай  келемін.   Алдында  бір  орыс,  картон  каробкіден  кассының  жанындағы  сөрелерге  бірдемелерді  тізіп  жатыр.  Кассирша,  бұтында  тырысқан  джинсы,  үстіде  таптар  кофта,  қапқара  шашын  жайып  жіберген,  мені  озып  кассасының  креслосына  отыра  кетті.   мен  алғанымды  кәрзеңкемнен  қотарып  кассир  санасын  деп  дайындап  жатырмын.  кассир  қыз  мерчпен  сөйлесіп  жатыр,

– какая-то  новая  упаковка. красивая.

-да,  и  выглядит  солиднее.

–   а    визит  че  больше  не приносите?

–  чета  начальство  договор  непродлило с поставщиками.

кассир  маған  бет  бұрып,

-попробовать  не   хотите?

–  каво?  (что?  деудің  орнына)

–  презервативы  новые  привезли.

–  !?- (-а что  скромность  нынче  не в моде-, дегім  келді  де) – нет  спасиба,  деп  бұрқ  еттім.

Мұрны  қоңқиған,  қараторы,  кавказдық  қыз.

Қазан 15, 2008

Filed under: Uncategorized — sakens @ 5:40

Рухани әңгіме

Асхат мына жерде.   қыңқылдап  қоймағасын,  әйтеуір  бір  қазақ  ютубке  құюп  қойыпты   бағдарды .  мың  рахмет.

Қазан 7, 2008

Айт-намаз

Filed under: Uncategorized — sakens @ 5:18

     

«Горьковская»ның  эскалаторы,  мұсылмандар  намазға  асығуда.  сағат  әлі  7 болған  жоқ.  

  

  метроның  маңы  мұсылмандар.   

   

 соңғы  уақытқа  дейін,  европадағы  ең  үлкен  мешіттің  іші  лық  толы.  жарты  сағат  ерте  келгенде  кірер  едім.  ал  олай  істемегендіктен,  ауладағы  газонның  үстіне  целлофан  жайып,  таңғы  намазымды  оқып  алдым.   енді  бір  жиырма  минуттың  ішінде,  мешітті ауласы  да  толды  айт-намазға  келген  адаммен.  мешіттің  ауласындағы  гараждың  төбесіне  де  шығып  кетті  жас  жігіттер.  

  

  қырғыз  баурларымыз,  намазды  күтуде.   

  жақын  маңайдағы  газондардың  бәрі  мұсылманға  толды.    

 аз  уақыттан  соң  намаз  басталады.  

 намаздан  соң  дұға  жасадық.  

  намаздан  соң.   

  бір-бірімізді  құттықтап  алдық.  бір-бірімізді  суретке  түсірдік.  

    шамамен 30 000  адам  қатысыпты  намазға.  

   АЙТ-құтты  болсын!

Қазан 2, 2008

Тәжік

Filed under: Uncategorized — sakens @ 3:47

     ағайынды  екі  тәжік  бар мен  танитын.  үлкені  Зафар,  кішісі  Алим(Олим).  Зафар  үйленген,  үш  баласы  бар.  семьясы  Тәжікістанда,  ата-енесінің  қолында.  

  Зафардың  әйелі  звондапты,  ата-анасын  көріп   келгісі  келеді екен,  ораза-айттап  дегендей.   жұмысындағы  орыстар  сұрайды, 

 -әкесінің  үйі  алыстама,  деп. 

-жоқ,  бір  көшеде,  жүз  аттам  жер.

-ал  жарайды,  енді рұхсат  бердіңба?  дейді.  

-телефонда  ақшам  аздау,  кешке  ақша  салып   звондаймын  дедім. 

  бәрі  күліп  жатыр,  өзі  де  жымиып  тұр.  

     мыналар  тәжікістанның  сығандары (ЛЮЛИ  деп  аталады).  тәжікітерге  қатысы  жоқ.  

   Асхат  саған  айтам  )))

WordPress.com-дағы блог.