Sakens’s Weblog

Ақпан 5, 2008

орман

Filed under: Uncategorized — sakens @ 8:40

  жұма  кеші  Кингиссеп  ауданына  дачаға  кеттім.   жұмыстасымның  дачысы  бар,  сол  қонаққа  шақырды.   Субару  пробкіде  тұрса,  бәріменде  қатар,  не  пайда  «Субару» болғанынан.    әйтуір  жеттік.

дача  дегені,  деревняда  үй  сатып  алған.   алды  көше,  арты  кішкене  өзен, өзеннің  арғы  беті   ну  орман.   орыстар  кішкене  өзендерді,  «речка-гавнотечка»  деп  қорлайды.   қазақтың   ми  даласында   осындай  өзендер   жоқ  екенін  білмейді-ау,  сволыштар.    ми  далада   кем  дегенде   15-20 км.  ауыл  кезедессе  жақсы.   бұл  жер  басқа,   үш-төрт  шақырымда   бір  деревня.   қаңырап  тұрған  бөрене  үйлер,  колхоз-совхоздардың   фермалары  қирап  түрған,  бар  жолдарға  төселген   асфальт  мәшинаны  жүргізбейді.

күн  батқанда   дачыға  жеттік,  жұмыстасымның   көршілері  келе  бастады,  ол  жоқта   үйдің  пешін  жағады,  итке  тамақ  береді.    қожайын  әйелін  қалады  тастап  кетсе ,  көрші  мұжықтар  міндетті  түрде  келіп,  әкелген  арақты  бітірмей  шықпайды.  сөйтіп  жұмыстасым,  мас  болып  қалды.

таңменен,  орманға  кеттік.   лесникпен  келіскен   екен   ағаш  кесем  деп,   үйден  шығып  бара  бір  жартыны  ашты,   орманға  жеткенде,оны  бітіріп  тағыда  ішті,  қысқасы   сүрініп-жығылып  жүргенде   бір  мотопиланы  ағаш  қысып  қалды,  оны  аламыз  деп  әуре  болып  жүргенде,  ол  сынып  қалды,  артта  келе  жатқан,  кесілген  ағашты  батпақтан  сүйреп  шығаратын  трактырымыз  сынып  қалды.   ағаш   кесетін  лесорубтарымыздың  бәрі  де  мас  болып  ұйықтап  қалды.  мәшинаға  тиеліп  дачыға  оралдық.   АЛЛА  мені  харамнан  қорығаны  шығар,  орман  менім  қолыммен  ұрланбасын  деп.

келіп  моншаға  су  тасып,  топкыны  жаға  бастадық.  бес  сағатта 80 градусқа  жеткідік  температураны.   жұмыстасым  ұйқыдан  тұрып,  бізді   парить  етті  конкретно,  кайфовать  етіп,   мәз  болып  шықтық .

2 пікір »

  1. Сәлем, Сәкен!
    Блогыңды бүгін ғана көрдім. Петербордағы өмірің қалай өтіп жатқаны әрине маған қызық.
    Әріптестерің өте бір қызық жандар тәрізді ғой, аман болғайсың! 🙂
    Пы.Сы. Блогыңа өз блогымнан сілтеме жасап қойдым

    Пікір жіберуші urimtal — Наурыз 8, 2008 @ 6:05 | Жауап беру

  2. әлейкүм салям.
    басқа әріптес жоқ, бар болса осындай.

    Пікір жіберуші sakens — Наурыз 10, 2008 @ 5:06 | Жауап беру


RSS feed for comments on this post. TrackBack URI

Create a free website or blog at WordPress.com.