Қазақ блоггерлер өздері туралы, басқа жұрт білмейтін бес нәрсе жазуда. менде жазып көрейін.
кроссовка ия болмаса жұмсақ теріден тігілген аяқ-киім киемін. классик туфли кие алмаймын. костюм-шалбар кие алмаймын, киейін деп алған двубортный костюмым модыдан шығып кеткесін бере салғанмын, басқалар кисін деп.
1,2,3, классқа барғанымда, оқу жылы басталарға бір жеті қалғанда, көрші көшедегі Қасен жездеге басымды тап-тақыр ғып шашымды алдыртып тастайтын. менім рұқсатымсыз. жазғы каникулға шыққанымда өзім-ақ барып алдыртатынмын. кейде кекіл қалдыратынмын.
темекі тартып үйренгім келседе үйрене алмай-ақ қойдым. карта ойнаудан тек алтылықты ғана білетінмін, кәзір ұмытып қалдым. көптен бері аузыма ішімдік алған емеспін.
компьютерді шала білемін, барып тұрған ламермін. компьтерный ойындарды ойнай алмаймын.
мәшинаммен, жүргізіп келе жатып сөйлесіп қоям, ” басшайш аяғыңды,” “не поворотнигің тағы жанбай қалдыма”, “қанымды ішіп болдың ғо”. көбіне мақтап қоямын. шамамен осылай ноутымменде сөйлесем анда-санда.
міне осы.